Нұрғиса Тілендиевтің 95 жылдығына арналған «Әлқисса» фестивалі жарияланды

Нұрғиса Тілендиевтің 95 жылдығына арналған «Әлқисса» фестивалі жарияланды

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы КСРО Халық әртісі Нұрғиса Тілендиевтің 95 жылдығына арналған «Әлқисса» фестивалінің аясында байқау жариялады. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, іс-шара 1-29 қыркүйек арасында онлайн режимінде өтетін болады. Шығармашылық байқаудың нәтижесінде домбырашылар мен әншілер аталымдарында үздік орындаушылар анықталмақ. Ал 30 қыркүйектен  қазанның 4 дейін жалғасатын негізгі фестивалдің ресми ашылу салтанаты өтеді. 

«Аталмыш фестивалдің аясында Нұрғиса Тілендиев атындағы «Отырар сазы» академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестр және көптеген шығармашылық ұжымдардың қатысуымен бірқатар іс-шара ұйымдастырылатын болады. Сондай-ақ еліміздің шығармашылық ұйымдары, музыкалық мектептер, колледждер мен ЖОО тәлімгерлері арасында домбырашылар мен әншілердің республикалық онлайн-байқауы өтеді», - делінген хабарламада. 

Қосымша ақпаратты +77028098007 нөмірі немесе online_fest_otyrar@mail.ru. сайтынан білуге болады. Байқау талаптарымен ҚР МСМ сайтында танысуға болады.

 

Фото: 24.kz