«Абайдың қара сөздері» деректі фильмінің түсіру жұмыстары басталады

«Абайдың қара сөздері» деректі фильмінің түсіру жұмыстары басталады

Хакім Абайдың 175 жылдық мерейтойында отандық кино индустриясы қазақ халқының ұлы перзентіне арналған фильмдер топтамасын толықтырмақ. Осы қыркүйек айында «Абайдың қарасөздері» деректі фильмдер циклының түсірілімі басталады. Абай ілімінің тереңдігін көрерменге толық ашып көрсету үшін режиссер Берік Әбішев қысқаметрлі 15 фильмді түсіруге бел буды.

«Бүгінде Абай туралы көптеген фильмдер, роликтер, хабарлар шығарылуда,бірақ, неге екенін, олардың бәрі бірсарынды болып келеді, бірін-біріқайталайды. Ал біз кемеңгер данышпан тұлғаның әрбір Қара сөзін көрерменсана-сезімімен терең ұғынатындай жаңаша пайыммен жеткізу міндетін алдымызғақойдық. Бәлкім, бұл дау тудыратын шешім болар, бірақ біз жобамызды дәл осы ракурста іске асыруды ұйғардық», - дейді, Берік Әбішев.

 Режиссердің сөзіне жүгінсек, жаңа сипатта жасалатын кино туындыда тарих, ұлттық дүниетаным, мораль және құқық мәселелері қамтылған.

«Мен сіздерге қазір бүкіл сценарийді баяндап бере алмаймын. Дегенмен,көрермендер шағын ғана фильмдерді өткен, осы және келер шақтарда көре алатынынайтамын. Оның барлығын біз кадрда көрсететін боламыз. Біздің кейіпкерлер әрқилыболады: олар шартты түрде автокөлікке мініп келе жатуы немесе атқа мініп шауыпбара жатуы мүмкін. Біз осындай бейнекөріністерді жасағымыз келеді», – деп әңгімеледі режиссер.

 Берік Әбішев фильмге түсетін актерлер құрамына коронавирус айтарлықтай кері әсерін тигізгенін айтады.  Қатаң шектеу енгізілгенге дейін «Абайдың Қара сөздері» деректі фильмдер топтамасын өндірушілер кастинг өткізіп, бұл іске  тартылуы жоспарланған көптеген қазақстандықтармен кездесіп үлгерген екен.

«Біз көптеген әншілермен, актерлермен, бұқаралық ақпарат құралдарының әйгілі тұлғаларымен бірқатар кездесулер мен әңгімелесулер, келіссөздер жүргізгенбіз. Димаш Құдайберген, Нұрлан Әлімжан, Берік  Айтжановтармен сөйлесіп те қойғанбыз. Ол кезде фильмді түсіруді бастағалы отырған едік. Ал енді шектеулер тоқтатылған соң, бір нәрселерді өзгертерміз. Дегенмен, мысалы, Димаш бұл киноға түсуге дайын екенін айтты», – деп атап өтті Берік Әбішев.

«Абайдың Қара сөздері» жобасының алғашқы бөлімінің премьерасы қыста жүзеге асырылмақ. Фильм негізінен қазақстандық телеарналар мен әлеуметтік желілер арқылы көрсетілетін болады.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

 

Фото: kyzylorda-news.kz


×