«Junior Eurovision» байқауы ұлттық іріктеуінің келесі кезеңіне 30 бала өтті

«Junior Eurovision» байқауы ұлттық іріктеуінің келесі кезеңіне 30 бала өтті

«Junior Eurovision Song Contest» халықаралық байқауына қатысатын өнерлі балаларды іріктеу жалғасып жатыр. Ұлттық іріктеуді жүргізетін қазылар алқасының отырысы өтті. 

Келесі кезеңге 30 үздік қатысушы таңдалды. Таңдау оңай болған жоқ. Еліміздің түкпір-түкпірінен 684 бала қатысуға өтініш білдірген. Дегенмен, халықаралық ән байқауларының жеңімпаздары мен танымал кәсіби орындаушылардан құралған қазылар үздіктерді тани білді. Халықаралық ән байқауы 29 қарашада Варшавада өтеді.

Бағын сынағысы келетін балалар аз емес. Олар қазылар алқасының шешімін асыға, әрі толқып күтті. Жалпы халықаралық ән байқауына Қазақстан биыл үшінші рет қатысады. «Хабар» Агенттігі Еуропалық хабар тарату одағының қауымдастығына мүше болғалы өнерлі балаларға зор мүмкіндік туды. Биыл Мәдениет және спорт министрлігі де қолдау білдіріп отыр. Жасы 9 бен 14 аралығындағы талантты өрендер өзге елдің сахнасында ел намысын қорғауға құлшынып тұр.

Жанар Дұғалова, әнші, қазылар алқасының мүшесі:

- Негізі балалардың өнерін бағалау өте қиын. Өйткенті бала болғаннан кейін ешкімнің де көңілін қалдырғымыз келмейді. Бұл жерде ел намысы қорғалады. Әрине ең-ең деген баланы таңдауға тырысамыз.

Алдымен қатысушылар арнайы сауалнаманы толтырып, өзі орындаған әннің бейнежазбасын ұлттық іріктеудің ресми сайтына жолдады. Екінші кезеңде талапқа сай келетін, өнері көңілге жаққан 30 қатысушы іріктелді. Ал одан кейінгі кезеңде jevision.khabar.kz (джевижен хабар кз) cайтында онлайн дауыс беру басталады. Яғни әрбір қазақстандық өзіне ұнаған қатысушыға дауыс бере алады. Нәтижесінде ұлттық іріктеудің 12 финалисі анықталады.

Жеңіс Сейдоллаұлы, композитор, қазылар алқасының мүшесі:

- Ол жерге біздің елімізді шынайы дұрыс көрсете алатын адам ғана, өзінің кәсіби денгейі жоғары адамды ғана жіберуге, біз соған дайындалып жатырмыз. Және биыл мәдениет министрлігі үлес қосып, одан сайын күшейіп, барлық күшімізді салып отырмыз. 

Хамит Шанғалиев, композитор:

- Қазіргі жағдайға байланысты карантин деп жатырмыз, бірақ оған қарамастан өте көп өтініш түсті балалардан. Өнер өлмейді деген осы. Өнерлі, талантты балалар өте көп бізде. Үміт өте жоғары. Сондықтан ойдағыдай болады дееп ойлаймын. Бірінші орын алып береміз. 

Халықтың ықыласына бөленіп, көп дауыс жинағандар ән орындау шеберлігінен өзара сынға түседі. Басты талап – еліміздің танымал композиторлары жазған әндерді нақышына келтіріп орындау керек. Қазылар алқасының берген бағасы мен смс дауыс беу нәтижесінде жеңімпаз анықталады. Яғни жүзден жүйрік шыққан өнерпаз қараша айында Варшаваға барады.

Айта кетейік, 2018 жылы Данелия Төлешова дәл осы байқауда «Өзіңе сен» әнін орындап, алтыншы орынға ие болды. Ал былтыр Ержан Максим «Арманыңнан қалма» әнімен екінші орын алды. 

 

1)Мукитанова Айым;

2) Абдрахманова Жанерке;       

3) Тилепова Дильназ;

4) Алтынбеккызы Сания;

5) Каракат Башанова;

6) Гилёва Камила;

7) Жакыпбеков Нурмухаммед;

8) Кузденбаева Камилла;

9) Манарбеккызы Акжибек;

10) Заушева Айлун;

11) Жан Маким;

12) Сайполда Ислам;

13) Мирас Максимов;

14) Тлеубек Айкерим;

15) Балгазина София;

16) Тлеунбетова Жасмин;

17) Кунадилова Адель;

18) Сагинбаева Алина;

19) Джумабай Абулхаир;

20) Калдыбек Жанель;

21) Газизкызы Камила;

22) Жұмажан Айдана;

23) Нуршат Кусанова;

24) Турсунова Махинур;

25) Бурханова Адия;

26) Шерхан Арыстан;

27) Нұржанова Ақнур;

28) Өмірбайұлы Сағын

29) Бекжан Назарбек

30) Төлеубай Дінмұхаммед