«Теңіздің оралуы»: Арал туралы деректі фильм түсіріледі

«Теңіздің оралуы»: Арал туралы деректі фильм түсіріледі

Қазір Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының демеуімен режиссер Виктор Вильковиский ғылыми-көпшілік деректі фильмнің өндірісіне дайындалуда. Арал мәселесі жайлы баяндайтын картина мемлекеттік қаржыландыруға ие болды.

Жоба авторы Киноорталықтың Instagram-алаңындағы онлайн-эфир кезінде әңгімелегендей, фильмнің хикаясы құрамына Қара, Каспий және Арал теңіздері кірген Сармат теңізі қалыптасқан кездегі құрлықтардың қозғалған уақытынан басталады. Фильмді түсірушілер осының барлығы қалай өзгергендігін көрсетеді, Арал мәселесі жайлы, қазіргі жағдайы және оның ушығып кетпеуі үшін не істеу керек екендігіміз жайлы баяндайды.

«Мен Аралды бұрыннан, студенттік кезімнен бері зерттеп келемін. Білімім бойынша биологпын және Арал теңізіне ғылыми-зерттеу экспедицияларға қатысудың сәті түсті. Содан бері осы ой мені елітті. 10 жылдан бері киноиндустрияда жұмыс істеймін және қазір осы жобаны жүзеге асырудың жақсы мүмкіндігі туды»,деп әңгімеледі Вильковиский.

«Возвращение моря» Netflix ұсынған бірқатар стандарттар бойынша түсіріледі. Режиссердің ойы бойынша, жобаның ақпараттық толымдылығы фильм 10 жылдан кейін де өзекті болып қала беретіндей болуы қажет. Түсірушілердің тағы бір міндеті – фильм табиғи ресурстарды тұтыну мәселелерінде адамдарды экологиялық тәрбиелеу құралы болуы тиіс. 

«Біз тек 30%-ға ғана меншікті сумен қамтамасыз етілгенбіз, Қазақстан 70%-ға  трансшекаралық өзендердің суын пайдаланады. Су мәселесінде біз өте осалмыз, бұл тақырыпты қазірден бастап көтеру керек. Адамдарға су пайдалану мәдениетін дағдыландыру керек, бұл мәселеге назар аудару қажет және осы фильмнің пайдалы болғанын қалаймын»,деп атап көрсетті режиссер.

Бүгінгі күнде картинаның түсіру тобы қалыптастырылған және жобаның кеңесшілік қолдауына келісім алынған. Картина операторы ғылыми-көпшілік кино жанрындағы ВВС сыйлығының иегері, белгілі шебер Александр Плотников болатындығы белгілі. Ғылыми  сүйемелдеумен Арал теңізі тақырыбы бойынша үлкен жұмыс тәжірибесі бар академик Наталья Огарь айналысатын болады. Сондай-ақ, Халықаралық Аралды құтқару қорымен ынтымақтастық қарастырылған.

 

Фото: egemen.kz