Ұлы Абайға арналады: Нұр-Сұлтанда ақын өлеңдерін оқудан онлайн-жарыс өтті

Ұлы Абайға арналады: Нұр-Сұлтанда ақын өлеңдерін оқудан онлайн-жарыс өтті

Қазақ әдебиетінің ұлы классигі, ақын өлеңдерінің мағынасына терең үңіліп, шығармаларды оқуға жаңаша тұрғыдан қарау. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұйымдастырылған онлайн-жарыстың басты шарты осы болды. Шығармашылық байқаудың кезекті маусымының бастамашысы –елордадағы Ресей ғылым және мәдениет орталығы.

«Балалардың ақынның өлең жолдарын батыл әрі жаңаша интерпретациясын тауып, оның шығармашылығын терең түсінгені бізді таңқалдырды. Әр қатысушыға біздің орталықтан естелік сыйлықтар табыс етіледі. Ал жеңімпаздар маусымның финалында өнер жарыстырады, ол желтоқсан айына жоспарланып отыр», -  деп мәлім етті елордадағы Ресей ғылым және мәдениет орталығының бағдарламалар үйлестірушісі Ольга Скальчук.

«Абай vs Abai» жарысына Қазақстанның түкпір-түкпірінен қатысушылар жиналды. Елордалық оқушылардан басқа, Қарқаралы, Петропавл, Тараз, Теміртаудан бейнеөтінімдер түскен. Әр қатысушы Абайдың өзіне ұнайтын өлеңін таңдап, оны қалаған тілде оқыды. Өлеңді оқу жолы мен оны видеомен безендіру жағына еркіндік берілді.

«Оқушылар арасында өлең айтыс өткізу – бұл Ресейлік орталық жақында енгізген ноу-хау. Былтыр алғашқы маусымын өткізгенде балалардан, ата-аналардан, педагогтардан жобаны жалғастыру туралы көптеген өтініштер түсті. Карантинге қарамастан, әдеби сайыс ұйымдастырудың жаңа форматын тапқанымызға өте қуаныштымыз», − дейді жобаның үйлестірушісі, танымал киносыншы және өнертанушы Александра Лумпова.

Келесі әдеби жарыс қыркүйек айына жоспарланып отыр. Оның тақырыбы жақын уақытта Қазақстандағы Ресей ғылым және мәдениет орталығының ресми сайтында жарияланады.

Авторы: Данагүл Біләлова

 

Фото: 38-oskemen.mektebi.kz