«Менің Қазақстным» челленджі: шетелдік өнер сүйер қайраткерлері «Қуаныш вальсін» орындады

«Менің Қазақстным» челленджі: шетелдік өнер сүйер қайраткерлері «Қуаныш вальсін» орындады

Биыл белгілі қазақ композиторы, еліміздің халық артисі Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 90 жыл толып отыр. «Қазақ вальсінің королі» мерейтойына орай ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Менің Қазақстаным» музыкалық челленджін ұйымдастырды. Бұл туралы ведомствоның ресми Facebook-парақшасы хабарлайды.

Жобаның ерекшелігі – оны «қазақ музыкасының алтын дауысы», ән әлемінің ардагері Бибігүл Төлегенованың бастауында. Шәмші Қалдаяқовтың үзеңгілес-замандасы Бибігүл Ахметқызы сазгердің «Қайықта» әнін ең алғаш орындаған еді. Талант иесі жастық шағын еске алып, аталған әнді тыңдармандарына тағы бір мәрте ұсынды. Сондай-ақ, Бибігүл Төлегенова «Менің Қазақстаным» халықаралық музыкалық челленджін жалғастыру эстафетасын отандық эстрада жұлдыздары мен алыс-жақын шет елдердегі қандастарымызға жолдады

Музыкалық марафонға бірқатар шет елдердің өнер қайраткерлері де қосылды. Оның ішінде Украина, Қырғызстан, Армения, Германия, Болгария, Башқұртстан, Бурятия артистері де бар. Олар Шәмшінің лирикалық, әуезді, нәзік әндерінің бірі – «Қуаныш вальсін» қазақ тілінде орындап берді. Осылайша, әншілер «Қазақ вальсінің королі» шынымен де әлемдік деңгейдегі композитор екенін тағы бір дәлелдеді.

Алдағы уақытта танымал өнер жұлдыздары мен талантты актерлерді, белгілі спортшылар мен күллі қазақстандықтарды біріктіретін музыкалық челлендж өнерсүйер қауымды таңғалдырары сөзсіз.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

 

Фото: elorda.info