Қазақстандық фильмдер Еуразиялық кинофестивалдің финалына өтті

Қазақстандық фильмдер Еуразиялық кинофестивалдің финалына өтті

Бірден 6 қазақстандық фильм Eurasian Creative Guild Film Festival ақтық сынына шықты. Финал Лонданда тамыз айының 13-19 аралығында өтеді деп жоспарланған.

Олардың қатарында мына фильмдер бар:

Деректі кино – «Әлемдік дипломатияның шыңында: Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде», режиссері Ақмарал Баталова;

Қысқаметражды кино – «Мавжуда», режиссері Нимасу Намсарен; «Андер», режиссері Алина Мұстафина;

Сценарий – «Отбасылық Диалект», авторлары Мақсұд, Мансұр және Марат Сәрсембаевтар; "Жібеккөбелекүйі», авторы Зәуре Төреханова.

Кино байқауының жаңа аталымы – booktrailer: Кітаптрейлері «Проективная графика», режиссері Павел Погадаев

Түрлі аталымдардың жеңімпаздарын көрермендер дауыс беру жүйесі арқылы анықтайды. Жалпы фестиваль аясында көрермен назарына 60 кинотуынды ұсынылады.

 

Фото: brod.kz


×