Данэлия Тулешова America’s Got Talent байқауының үшінші турына өтті

Данэлия Тулешова America’s Got Talent байқауының үшінші турына өтті

Қазақстандық өнерпаз қосымша ешбір тыңдаусыз келесі кезеңге жолдама алған. Әлемге танымал байқау қазір коронавирустың таралуына байланысты онлайн форматта өтіп жатыр. Екінші турда Данэлияның өнері қазылар алқасы арасында ешбір талқылаусыз бірауыздан қабылданды. Енді қазақстандық әнші үшінші турға дайындалып жатыр. Әзірге келесі кезеңнің қашан әрі қалай өтетіні белгісіз. Тек, Данэлияның лирикалық ән таңдайтыны хабарланып отыр.

Бұдан бұрын, Данэлия America’s Got Talent шоу жобасында америкалық көрерменді және қазылар алқасын таңқалдырған. Ол канадалық әнші Faouzia-ның Tears of Gold әнін орындаған болатын. Қазақстандық дарынның өнеріне тәнті болған залдағы халық орындарынан тұрып, қошемет көрсетті.

 

Фото: zakon.kz