«Томирис» фильмінің америкалық трейлері жарияланды

«Томирис» фильмінің америкалық трейлері жарияланды

«Томирис» фильмінің АҚШ аумағындағы дистрибуция құқығын сатып алған компания тарихи туындының америкалық трейлерін жарыққа шығарды.

Бұған дейін тарихи картина туралы Variety, Hollywood Reporter және Screen Daily сынды басылымдар жарыса жазған еді. Шетелдік сыншылар экшн көріністерге, оқиға желісінің түпнұсқалығы мен басты кейіпкердің шынайылығы мен сомдаған рөліне таңданысын айтып, ағылшын тілді көрермендерге фильмді көруге кеңес берген.

«Томирис» фильмін режиссер Ақан Сатаев ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен «Қазақфильм» киностудиясында түсірген. Тарихи кинокартина парсылар билеушісі Кирдің патшайым Томирис бастаған массагеттермен соғыста ойсырата жеңіліс табуы туралы Геродот жазбаларының негізінде түсірілді. Басты рольдерді сомдауға Еркебұлан Дайыров, Азамат Сатыбалды, Берік Айтжанов, Альмира Тұрсын, Әділ Ахметов, Гасан Масуд және т.б. актерлер тартылды.

Трейлердің америкалық нұсқасын осы сілтемемен өтіп тамашалауға болады.

 

Фото: liter.kz