«Абайдың қара сөздері» Қазақстанның рекордттар кітабына енді

«Абайдың қара сөздері» Қазақстанның рекордттар кітабына енді

Абайдың 175 жылдығына арналған 27 килограмдық кітап Шығыс Қазақстан облысы, Қарауыл ауылындағы М.Әуезов атындағы орталықтандырылған кітапханаға тарту етілді. Абай ауданының ішкі саясат бөлімінің ақпараты бойынша Шымкент қаласындағы №1 жалпы орта кешкі мектебі жасап шығарған.

«Кітапты кез-келген адамның оқып, көруіне мүмкіндік бар», - дейді Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы ішкі саясат бөлімінің бастығы Бурхан Мұратов.

Бүгінгі таңда басылым Қазақстанның рекордтар кітабына енді. Оның биіктігі - 122 см, ені - 90, парағының қалыңдығы - 2-3 см. Кітаптың мұқабасы винилден жасалған.

«Біз кітапты Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайында көпшілік назарына ұсынуға дайынбыз», - деп атап өтті М.Әуезов атындағы орталықтандырылған кітапхана директоры Дина Камал.

Бірегей басылымның тұсаукесер рәсімінен кейін көрермендер ұлы Абайдың өлеңдерін оқып, әндерін шырқады.

Авторы: Әсел Күшенғалиева