Семейде Абайдың 175 жылдығына арналған онлайн көрме ашылды

Семейде Абайдың 175 жылдығына арналған онлайн көрме ашылды

Абай туған өлкені ұлықтап, ақын мұраларын  таныстыруды мақсат тұтқан шара Семейдегі Федор Достоевский атындағы әдеби мемориалды музейінде ұйымдастырылды. Ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойы шеңберіндегі іс-шара барысында 150 жәдігер жұрт назарына ұсынылған. Олар көне сыр сақталған суреттер, кітаптар мен сирек құжаттар және көркемсурет туындылары.

«Көрмеде музей қорынан көптеген қызықты экспонаттарды алып, жинақтадық. Бұлар «Абай әлемі» кітаптар жинағы, сонымен қатар қаламгерлердің қолтаңбасы қойылған туындылар да бар», - деп атап өтті Ф.М. Достоевский атындағы әдеби мемориалды музейдің қызметкері  Владимира Соловьёва.

Көрме жұмысы қыркүйек айының соңына дейін жалғасады және шараны музейдің әлеуметтік желідегі және ресми парақшаларынан тамашалауға болады.