Әл-Фараби мұрасы халықаралық конференцияда талқыланды

Әл-Фараби мұрасы халықаралық конференцияда талқыланды

Қазақстан Республикасының Қырғызстандағы елшілігі және Қырғызстанның Ұлттық кітапханасы Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Ұлы ойшылдың ғылыми және рухани мұрасы» атты онлайн-конференция ұйымдастырды. Шараға қатысқан ғалымдар, тарихшылар және екі елдің жетекші университеттерінің оқытушылары Әл-Фарабидіғ астрономия, математика, филология, жаратылыстану, музыка және әдебиеттен бастап барлық салада зерттеу жүргізгенін айтты. Ұлы ғұлама ғылымдарды жіктеуді арифметикадан бастап, метафизикамен, яғни пәлсапамен аяқтаған. Оның ең танымал еңбектерінің - «Қайырымды қала тұрғындары». Трактатта қайырымды қалада әділдік, парасаттылық, мейірімділік үстемдік етеді делінген.

«Әл-Фарабидің идеяларын жалпы білім беру үрдісіне тек университеттер ғана емес, мектептер, тіпті мектепке дейінгі балалар орталықтарына да енгізетін уақыт жетті. Әл-Фарабидің ойлары, қазіргі уақытта өзектілігі мен маңыздылығын жоғалтқан жоқ»,- дейді Қырғызстан мемлекеттік университетінің профессоры Назира Усупова.

Философиясы әмбебап, ол пәлсапаның негізін қалаушы. Сондықтан ұлы ойшылдың шығармаларын зерттейтін әр ұрпақ өздеріне жақын және түсінікті пайымдарды таба алады. Ғылымдардың айтуынша, ағартушының әлемді тануға деген құштарлығы адам болмысын ашатын ғылыми трактаттар мен туындыларды жазуына сеп болған.

«Әл-Фараби адами бойындағы құндылықтарды жоғары бағалайды. Адамгершілік пен бақытқа қатысты керемет ойлар айтқан. Қайырымдылық дегеніміз не және мінсіз адам қандай болады? Осыған қатысты да туындылары бар. Мың жыл бұрын жазылғанына қарамастан, адами құндылықтар өзгеріссіз қалады»,- дейді тарих ғылымдарының докторы Назира Курбанова.

Сонымен қатар конференция барысында Қырғызстанның ұлттық кітапханасы Қазақстан елшілігімен бірлесіп экспресс-көрме ұйымдастырды. Онда әйгілі философтың туындылары қойылды.

 

Фото: rudnyi-altai.kz