«Киелі би» фильмі әлемдік кинофестивальде көрсетіледі

«Киелі би» фильмі әлемдік кинофестивальде көрсетіледі

«Киелі би» - эксперименталды арт-картина беделді кинофестивальдер іріктеуіне өтті. Картина авторлары – Францияда тұрып жатқан балерина және хореограф Дана Мұса, сондай-ақ халықаралық энтузиастар командасының картинасы Dance on Camera фестиваліне, сондай-ақ Канн кинофестивалінің байқаудан тыс бағдарламасына өтті.

Айта кетейік, Бұл фильм Маңғыстауда түсірілген. Бастамашылардың ойынша, бұл жоба адамның табиғатпен жақындығы, әйел бастауының маңызы мен күші, сондай-ақ көшпелі халықтың дене және рухының еркіндігі жайында еске салуы тиіс.

«Барлық жобаларым бір-біріне ұқсас – бұл табиғатпен байланыс, әйел еркіндігі, оның өз денесімен үйлесімділігі. Себебі онда менің жеті архетипім бар, оның әрқайсысында мен баяндаймын, көрсетемін, билеймін. Бұл мен үшін өте маңызды. Әйел денесінің әр бөлігі, әрбір сантиметрі – киелі, фильмнің «Киелі би» деп аталуы да сондықтан», - деп атап өтті фильм авторы Дана Мұса.

 

Фото: inform.kz