«Абай» операсының ариялары Ашхабад төрінде орындалды

«Абай» операсының ариялары Ашхабад төрінде орындалды

«Абай» операсы Ашхабад төрінде шырқалды. Мақтұмқұлы атындағы Ұлттық музыкалық-драма театрының сахнасында Түрікменстанның мемлекеттік симфониялық оркестрі Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсынан шығармалар орындады. Атақты түрікмен теноры Нұры Нұрыев «Айттым сәлем, Қаламқас» Айдар ариясын, ал опера әншісі, сопрано иесі Лейли Окдирова «Қарлығаш» әнін орындады.

Концерт қазақтың ұлы ақыны, композиторы, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастарылды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Шығармашылық ұжымның бас дирижері Расул Клычев қазақ және түркмен халықтарының тарихи-мәдени өткені сабақтас екенін, ұлы Абайға құрмет көрсету мүмкіндігіне өте қуанышты болғанын айтты.

Өз кезегінде Қазақстанның Түркменстандағы елшісі Еркебұлан Сапиев мәдени іс-шара Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасының мәңгілік құндылықтарын кеңге насихаттауға елеулі үлес екенін жеткізді.

 

Фото: kazlenta.kz