Димаштың жанкүйерлері «Дайдидау» әнін шырқады

Бейнежазба Димаш Құдайбергеннің АҚШ-тағы фан-клубының YouTube-тегі ресми каналында жарияланды. Жанкүйерлердің айтуынша, оларға қазақша ән айту қиынға соқса да, дайындық барасы өте қызықты болған. Ал Кимберли Фальконе жасаған транслитерация бейнеролик жазуды едәуір жеңілдете түскен.

Алдымен редакторлар әр қатысушыға әннің жолдарын бөліп берген. Кейін құлаққаптарын киіп, Димашпен бірігіп ән айтуды сұрады, ал жазбада олардың дауыстары ғана естілді. Бәрі жазылғаннан кейін, біріктіріп, бір интегралды бейнеге салған.

Айта кетейік, бейнероликті жасауға 100 сағаттан астам уақыт кетті. Акцияға АҚШ-тың жеті штатынан және Нидерланд, Канада, Колумбия және Үндістаннан 20-дан астам жанкүйерлері қатысты.

Бейнеролик халық арасында қолдауға ие болып, Димаш Құдайбергеннің өзге де  жанкүйерлерінен көптеген пікірлер жинады.

 

Фото: time.kz