Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар

Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар

Идеяның өзіндік ерекшелігі, монтаждаудың тың әдістері, дыбыстық таңдау. Ұлы ақын Абайдың 175 жылдығы тақырыбына арналған бейнероликтерді қазылар алқасы бағалап, байқау өз мәресіне жетті. Іс-шара Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде онлайн-конференцияда форматында өтті. Жалпы комиссия мүшелері 20-дан астам жұмысқа баға берді.

 «Әсіресе маған балабақшадағы кішкентай бүлдіршіндердің Абай өлеңдерін сүйсініп оқығандары қатты ұнады. Сонымен қатар байқауға қатысушылардың әр түрлі тілде ақынның өлеңдерін оқыған сюжеттері үлкен әсер қалдырды. Байқау онлайн режимде өткендіктен, біз де осы форматта жеңімпаздарды марапттаймыз»,- дейді ЕҰУ кәсіподақ комитетінің төрағасы Мақсат Аралханов.

Сонымен қатар Бішкек қаласында танымал аудармашы Айдарбек Сарманбетовтың  «Абай Құнанбайұлы. Қара сөздері мен поэмалары» атты кітабының таныстырылымы өтті. Жинаққа данышпан ақынның ең белгілі туындылары кірген. Жалпы Қырғызстанның белгілі әдебиетшісі әрі суретші Айдарбек Сардарбековтың «Абай – қара сөздер мен поэмалар» атты кітабы бір мың дана тиражбен шықты.

Ал, Интернет-конференцияға қатысушылар ұлы Абайдың ғалам мәдениетіндегі ерекше орнын атап өтті. Онлайн конференцияға қатысушылар ақиық ақынның қазақ халқының ұлттық санасында маңызды рөлін атап өтті.

 «Әдетте адам өмірі белгілі бір жылдармен шектелген. Ал кемеңгерлер – мәңгі, өйткені өзінен кейін ұмытылмас мұра қалдырады. Абайдың шығармашылық өмірі жылдан жылға тек өрлей береді деген ойдамын»,- дейді ақын Акбар Рысқұлов.

Бүгінгі таңда А.Осмонов атындағы Қырғызстан Ұлттық кітапханасының қорында Абай Құнанбайұлының туындылары кірген 64 кітап бар. Бұл – Қазақстан аумағынан тыс жердегі ақын туындыларының ең ірі жинағы. Оқырмандарды Абай шығармашылығымен жақын таныстыру мақсатында ақынның 175 жылдығына арналған көрме ашылды.

«Қырғыз тіліне аударылған Абай өлеңдерінің жаңа академиялық жинағына да назар аударғым келеді. Токомбаевтан бастап көптеген қырғыз ақындары Абайдың шығармаларын тәржімаланған, барлық аудармасы жинаққа кірді. Жинақ 2020 жылы шығарылды. Алғашқы үлгісі енді ғана бізге жетті»,- дейді Алыкул Осмонов атындағы ұлттық кітапхананың директоры Жылдыз Бакашова.