«Қазақфильм» Абай Құнанбайұлы туралы фильмдерді ашық көрсетілімге шығарды

«Қазақфильм» Абай Құнанбайұлы туралы фильмдерді ашық көрсетілімге шығарды

Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы YouTube-тегі ресми арнасына Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы фильмдерді ашық көрсетілімге шығарды. Бұл туралы киностудияның баспасөз қызметі хабарлайды.

Желі қолданушылары енді кез келген уақытта «Абай. Өмірі мен шығармашылығы», Мұхтар Әуезовтің романы негізінде түсірілген «Абай әндері» көркем фильмін, сонымен бірге, ақынның жас кезі туралы баяндайтын «Абай» кинокартинасын тамашалай алады. Соңғы туынды көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, көптеген беделді кинофестивальдерде топ жарған.

Сонымен қатар топтамада Абайдың әкесі Құнанбай Өскенбайұлының тағдыры туралы баяндайтын «Құнанбай» фильмі де бар. Айта кету керек, 2016 жылы аталған картинаны түсіруге атсалысқан шығармашылық топ әдебиет пен өнер саласында Мемлекеттік сыйлыққа ие болды.

Ал фильмдер топтамасын мына сілтемеге өту арқылы көруге болады.

 

Фото: dknews.kz