«Күмістің мәңгілік сәулесі» виртуалды көрмесі өтеді

«Күмістің мәңгілік сәулесі» виртуалды көрмесі өтеді

Онлайн экспозицияны 18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай Елбасы кітапханасы ұйымдастырып отыр. Онда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевқа әр жылдары берілген күмістен жасалған дипломатиялық сыйлықтар топтамасы ұсынылады.

«Күмістің мәңгілік сәулесі» виртуалды көрмесі сегіз тараудан тұрады, онда: асханалық күмістер, шайға арналған жиынтықтар, құмғандар, сәндік тәрелкелер, құмыралар, мүсіндер, қобдишалар және жазуға арналған заттар бар. Барлығы 126 экспонатты тамашалауға мүмкіндік бар. Заттардың шығу тегі, географиясын, түрлі дайындау техникасын, бұйымдардың пішінін көруге болады. Сонымен қатар, әлемнің белгілі бір халқына тән әшекейдің дәстүрлі тәсілдерін терең түсініп, зерделеуге де мүмкіндік беріледі.

«Күмістің мәңгілік сәулесі» көрмесінің электронды нұсқасы Елбасы кітапханасының сайтында ұсынылатын болады.

 

Фото: presidentlibrary.kz