Коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлер туралы жаңа фильм түсірілді

Коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлер туралы жаңа фильм түсірілді

Бүгінгі күннің батырлары! Алматыда коронавирус инфекциясымен аянбай күресіп жатқан дәрігерлер жайлы фильм түсірілді. Кинотуындыда қазіргідей қиын сәтте күні-түні дамыл таппай, ұлт саулығы үшін жұмыс істеп жатқан медицина мамандарының қауырт тіршілігі баяндалған. Фильмнің ерекшелігі – оқиғаның шынайы өмірден алынғанында. Рөлдерді сомдауға әдеттегідей кәсіби актерлер тартылған жоқ. Олардың орнына дәрігерлердің өздері түскен.

«Көбінесе коронавирустың бар екеніне сенбей, не үшін қамалғанын сұрап, тест қорытындысын талап ететіндер бар. Мысалы, бүгін екі адам емделіп шыққалы жатыр. Адамдар дәрігерлердің сөзіне қарағанда «Ауырғандардың түрін, видеосын көрдіңдер ме?» дегендердің сөзіне көбірек сеніп кетеді. Амал қанша, бәріне шыдаймыз. Ұйықтап жатқан баламыздың маңдайынан иіскеп, жарымызға аманат етіп, қоштасып кеттік…» дейді фильмдегі дәрігер анестезиолог және реаниматолог Мұрат Аманбаев

Аталмыш фильмнің үзіндісі Алматы қаласы әкімдігі өкілінің Инстаграм парақшасында жарияланды.

 

Фото: glavcom.ua