Танымал башқұрт музыканты Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған челленджге үн қосты

Танымал башқұрт музыканты Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған челленджге үн қосты

Башқұртстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Азат Бикчурин Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығымен ұйымдастырылған Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған музыкалық шараны қолдады. Ол Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін башқұрт ұлттық аспабы – қурайдың сүйемелдеуімен орындады. Қурайдың жұмсақ және ырғақты үні әуен сүйер қауымды тамсантып ғана қоймай, тыңдаушысының жан дүниесіне қозғау салады. Бұл аспап башқұрт халқының ұлттық рәміздерінің бірі.

Айта кетейік, Абайдың «Көзімнің қарасы» әні орыс домры, қырғыз қомызы, скрипка, өзбек рубобы, флейта, виолончель, пианино, аккордеон және тіпті синтезатордың сүйемелдеуімен шырқалды. Әлеуметтік желілерде: #Abai175, #1МАМЫР #Birlikkuni, #BizBirgemiz хештегімен 40-тен астам материал жарияланды. Шараның басты мақсаты – Абайдың шығармашылық мұрасын насихаттап, елдегі этносаралық келісім мен бейбітшілікті нығайту.

 

Фото: tengrinews.kz​