ҚХА ұлттық аспаптарда ойнауды үйретеді

ҚХА ұлттық аспаптарда ойнауды үйретеді

Қазақстан халқы Ассамблеясы түрлі ұлттық  аспаптарда ойнауды үйретуге арналған бейне-дәрістер ұсынады. Сабақ барысында аспап түрлерімен, олардың ерекшеліктері және құрылымымен танысуға болады.

Бүгінгі шеберлік дәрісінде өзбек ұлтының нагара аспабында ойнау әдісі көрсетілген. Нұр-Сұлтан қаласындағы өзбек ұлттық этномәдени орталығының көркемдік жетекшісі Нуриддин Молдабаев аспапта ойнаудың қыр-сырымен таныстырып, жаңадан үйреніп жүргендерге кеңестерін ұсынды.

Нагара – ұрмалы аспап, барабанның бір түрі. Оны түрлі елдерде naqqāra, naqqarat, naqqarah, naqqåre, nakkare, nagora деп атайды. Таяу Шығыс елдерінде, Үндістанда, Әзербайжанда кеңінен қолданылады.

 

Фото: wikipedia.org