Абай әндері түрлі музыкалық аспаптармен шырқалды

Абай әндері түрлі музыкалық аспаптармен шырқалды

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Нұр-Сұлтан қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы арнайы акция бастады. Шара ұлы Абайдың 175 жылдығына орай ақынның шығармаларын кеңінен насихаттауға бағытталған.

Айта кетейік, бастамаға алғаш болып өзбек этно-мәдени бірлестігі үн қосты. Нуриддин Молдабаев өзбек ұлттық аспабы – рубобта Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін қазақ тілінде нақышына келтіре орындады.

«Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында түрлі ұлттардың аспаптарын насихаттау үшін осындай бастама көтердік. Біз карантин жағдайында музыка арқылы барлық ұлт өкілдерінің елімізде бейбітшілікті сақтауға қосқан үлесін көрсетпекпіз», - деді Нұр-Сұлтан қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова.

 

Фото: zakon.kz​