«Қара жорға» биі Ухандағы коронавирустан емделіп жатқан науқастарға қалай демеу болды?

«Қара жорға» биі Ухандағы коронавирустан емделіп жатқан науқастарға қалай демеу болды?

Қытайлық пульмонолог Цю Гаунфенг қазақстандық дәрігерлермен өткен онлайн-конференция барысында «Қара Жорға» биінің Ухандағы коронавирусқа шалдыққан науқастарға көмек болғаны жайлы айтып берді.

«Бұл оларға физикалық және эмоционалды түрде көмектесті. Осы биден кейін науқастардың көңілдері көтеріңкі жүрді», - деді дәрігер.

Пульмонолог дәрігердің айтуынша, індетті жұқтырған науқастар жиі ашуланады және тез шаршағыш келеді. Сондай-ақ, олардың ауруы салмақты болмағандықтан қалыпты дене әрекетін жасаулары керек. Сондықтан пациенттердің физикалық күш-жігерін шыңдау үшін осындай интерактивті мәдени іс-шаралар өткізіп тұру қажет екен.

«Жалпы бейне сабақтарды немесе қашықтан оқытуды пайдалану, емдеу әдістері туралы сөйлесу және пациенттермен үнемі байланыста болу керек. Әр науқасқа жеке қарау керек, бұл да өте маңызды. Оларға белсенділік танытуды ұмытпаңыз. Тыныс алу және дене жаттығулары күніне екі рет орындалуы керек», - деді қытайлық пульмонолог Цю Гаунфенг.

Естеріңізге сала кетейік, Қытайдан Қазақстанға жетекші эпидемиолог, пульмонолог және реаниматолог дәрігерлер келіп, әріптестеріне қауіпті ауруды тиімді емдеу жолын көрсетіп, көмек қолын созуда. Онлайн-семинар оқуларына Қазақстан мен Өзбекстан елінің 700-ге тарта медина маманы қатысуда.

 

Фото: tengrinews.kz