Димаш Құдайберген жаңа әнін коронавируспен күреске арнады

Димаш Құдайберген жаңа әнін коронавируспен күреске арнады

Димаштың «We Are One» әніне түсірілген бейнебаяны Синьхуа жаңалықтарының әлеуметтік парақшасында жарияланды. Бейнебаянда бетперде киген адамдар, дәрігерлер, еріктілер, гуманитарлық көмек, дүкендегі бос сөрелер, коронавирус індеті алғаш тіркеліп пандемияға ұласқан Қытайдың Ухань қаласының тыныс-тіршілігі бейнеленген. Дегенмен клип соңында дәрігерлердің жарқын жүзі,  бетпердесіз балалар және аспандағы қалың бұлт сейіліп, оптимистік нотада аяқталады.

«Бүгінгі таңда әлем коронавирус індетімен жұмыла күресуде. Барлығымыз қиын кезеңді бастан кешірудеміз. Аты жаман ауруды тек біріге отырып, «Бір жағадан бас шығарып, бір жеңнен қол шығарсақ» қана жеңе аламыз. Бұл ән эпидемиямен күресудің алдыңғы шебінде жүрген ақ халатты абзал жандарға және оқшаулау орталықтарында жатқан науқастрға арналады», - делінген видеода.

Димаш өзінің Instagram парақшасында әнді жарияламаса да, оның өнерін жоғары бағалаушылар арасында ән қызу талқыға түсіп жатыр.

 

Фото: 24.kz