Майра Мұхамедқызы әлемнің барша дәрігерлеріне арнап ән шырқады

Майра Мұхамедқызы әлемнің барша дәрігерлеріне арнап ән шырқады

Дүниежүзі дәрігерлеріне арнау. Опера жұлдызы, «Астана Опера» театрының жетекші солисі Майра Мұхамедқызы– «Бүкіләлемдік дұғаны» орындады. Музыкалық шығарма арқылы отандық күміс көмей әнші қатерлі індетпен аянбай күресіп жатқан медицина қызметкерлерінің қайсарлығына құрметін жеткізді.  

МАЙРА МҰХАМЕДҚЫЗЫ, «АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ СОЛИСІ:

- Мен барлығы үшін ән салмаймын, мен әрбір адам үшін ән саламын. Бүгінде дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жанкештілігі мен табандылығына төрткүл дүние қайран қалуда. Бүгінгі күннің батырлары бұл – басқаның өмірі үшін шыбын жанын шүберекке түйіп, күндіз-түні қызмет етіп жүрген дәрігерлер. Жер-жерде коронавирусқа шалдыққандар саны артуда. Дегенмен жазылып шыққандардың саны да аз емес. Әрине, бұған ақ халатты абзал жандардың ерен еңбегінің арқасында қол жеткізіп жатырмыз. «Хабар» Агенттігі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, «Астана Опера» МОБТ бірге дәрігерлерге арнап «Бүкіләлемдік дұға» атты әлемдік танымал туынды – грек композиторы Вангелистің классикалық шығармасына клип түсірді. Бұған қоса клипте коронавируспен күресіп жүрген дүниежүзі дәрігерлері туралы кадрлар да қолданылды.

Қазақстандықтар бейнежобаны ерекше құлшыныспен қабылдап,  жүздеген тамсанған пікір қалдырды. Қазіргі таңда музыкалық клип желіде кеңінен тарап кетті.

 

Фото: Жеңіс Ермұқанов

 

Фото: inform.kz