«NS-music» онлайн-концерттер тізбегі мыңдаған көрермен жинауда

«NS-music» онлайн-концерттері қазақстандықтардың көңілін жаулады. Желіде кең тараған жобаны Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мәдениет басқармасының қолдауымен елордалық филармония ұйымдастырған. Бұл аса танымал отандық өнер майталмандарының концерттер тізбегін Instagram, Facebook парақшалары және YouTube арнасынан тамашалауға болады.

Бүгінге дейін өнерсүйер қауым Рүстем Жүгінісов, Аргония, Майра Ілиясова, Маржан Арапбаева,  Дос, Клара сынды  қазақстандық жұлдыздардың көнцерттерін тамашалады. Ендігі кезекте «NS-Music» жобасы аясында Гүлсім Мырзабекова және Айнұр Бермұхамбетова сынды әншілердің өнерін көпшілік назарына ұсыну жоспарланып отыр. Ұйымдастырушылар осы арқылы төтенше жағдайда қоғамнан оқшаулануға мәжбүр болған  қазақстандықтарды кештерін әунді де әуезді бағдарламамен өткізіп, үйден шықпауға шақырады.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

 

Фото: youtube.com