Айман Мұсақожаева «Карантиндегі жұлдыз» жобасы аясында өнер көрсетті

Айман Мұсақожаева «Карантиндегі жұлдыз» жобасы аясында өнер көрсетті

Танымал скрипкашы Айман Мұсақожаева «Карантиндегі жұлдыз» жобасы аясында онлайн концерт берді. Қазақстанның Халық әртісі тікелей эфирде классикалық өнердің інжу-маржандарын орындады. Олардың қатарында әлемдік танымал туындылармен қатар қазақстандық композиторлардың шығармалары да бар. YouTube желісінде көрсетілген концерт талғампаз тыңдарман көңілінен шыққанын ондағы комментарийлардан аңғаруға болады. 

АЙМАН МҰСАҚОЖАЕВА, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ:

- Бұл уақыт өмірдегі басты құндылықтар туралы тағы бір рет жақсылап ойлануымызға берілгендей.  Ең бастысы- жақын жандарымыздың амандығы.  Одан кейін білім беруші ұстаздар,  сонымен қатар  денсаулығымызды сеніп тапсыратын дәрігерлер. Бүгінгі таңдағы дәрігер қауымын  батырға теңер едім.  Ал тәртіп сақшылары мен әскерилер біздің тыныштығымызды күзетуде.

Айта кетейік, Мәдениет және спорт министрлігінің онлайн жобасы халықтың көңілін серпілтіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленуде. Бұған дейін Роза Рымбаева, Жұбаныш Жексенұлы, Бекболат Тілеухан, Сәкен Майғазиев тағы басқа орындаушылар онлайн концерт беріп, тыңдармандарын қуантқан болатын.

 

Фото: inform.kz