«Хабар» Агенттігінен күй-челендж

«Хабар» Агенттігінен күй-челендж

«Хабар» Агенттігі Құрманғазының «Сарыарқа» күйін орындаудан онлайн-челлендж бастады.

Игі бастамаға 10 қазақстандық күйші – Айгүл Үлкенбаева, Арман Жүдебаев, Асылбек Еңсепов, Айбек Бекбосынов, Нұркен Әшіров, Олжас Сүлейменов, Батыржан Мықтыбаев, Дулат Темір, Ернат Наурыз және Темірлан Олжабай қолдау білдірген.

«Айбынды күй үйде алаңдап отырған халықтың көңіліне демеу болып, рухын көтереді деп сенеміз. «Хабар» агенттігінің осы жобасын қолдап, ұлттық өнерді дәріптеп, әрі қарай халық арасында челлендж жалғасын табады деп ойлаймыз», делінген агенттік таратқан хабарламада.

Айта кетейік, «Хабар» Агенттігі бұған дейін «Біз біргеміз», «Үйден шықпа» деген ұранмен бірнеше бейнеролик, әнші Ибрагим Ескендірдің «Біргеміз», Төреғали Төреәлі мен Әбдіжаппар Әлқожаның орындауындағы «Біз - қазақтың баласы» атты әндеріне бейнебаяндар түсірген.

 

Фото: 24.kz