Қазақстандық оператор халықаралық кинофестивальдың бас жүлдесін иеленді

Қазақстандық оператор халықаралық кинофестивальдың бас жүлдесін иеленді

Италияның Турин  қаласында өткен кинофестивальде отандасымыз «үздік операторлық жұмыс» жүлдесін иеленді. 

Оператор Искандер Нарымбетовтың француздармен бірлескен «Олма Джон» фильміндегі қолтаңбасы халықаралық додада ерекше көзге іліккен. Осы жолы жарыста ұсынылған барлық туынды кинозалда емес, ақылы стриминг платформасында көрсетілген болатын.  Әлемді жайлаған пандемияның кесірінен жеңімпаздар да онлайн түрде жарияланды.     

Фильм режиссері Виктория Якубова Искандер Нарымбетов туралы: «Болашағы жарқын жұлдыз дер едім. Осы салада әлі талай жетістікке жетеді. Искандер үшін де, Қазақстан үшін де бұл үлкен мақтаныш. Ол өз елінің беделін көтеріп отыр. Мәселен, сайысқа қатысқан картина Қазақстаннан деп ұсынылды. Сондықтан бұл туындыны Искандердің өзі жасап шығарғанына қуаныштымын»,-деп, лебізін білдірді.

 

Фото: 24.kz