«Астана Опера» театрының солистері онлайн концерт беруде

«Астана Опера» театрының солистері онлайн концерт беруде

«Астана-Опера» театрының әртістері карантин кезінде қазақстандықтарға онлайн концерт беріп, көңілдерін ауламақ. Олар әлеуметтік желілерде танымал композиторлардың туындыларын орындайтын болады.

Мысалы, баритон әнші Азамат Жылтыкөзов шығармашылық челлендж аясында әйгілі П.И.Чайковскийдің «Дон Жуан» серенадасын орындады. Кейін ол эстафетаны өзге де опера әншілеріне жолдады.

Ал театрдың жетекші солисі Айзада Капонова көпшілік назарына И. Штраустың «Жарқанат» опереттасынан Адельдің партиясын орындап берді.

Сонымен қатар 4 сәуірде опера жұлдызы Майра Мұхамедқызы YouTube каналында тікелей эфирде концерт қояды. Репертуарында қазақтың халық әндері, Абай Құнанбаевтың шығармалары, танымал италиялық және классикалық орыс романстары бар.

 

Фото: astanaopera.kz