Алматылық әнші «Голос Украины» қазыларын таңғалдырды

Алматылық әнші «Голос Украины» қазыларын таңғалдырды

Алматылық әнші Индира Еділбаева «Голос Украины» вокалды шоуының келесі кезеңіне жолдама алды. Күміс көмей жерлесіміздің өнерінен соң көрермендер орындарынан тұрып, ду қол шапалақпен қошеметтеді. Әнші  көпшілік назарына Эрос Рамазоттидің Cose della vita хитін орындап беріп, жұлдызды бапкерлерінің жылы лебізіне бөленді.

«Сіз нағыз болашақ супержұлдызсыз. Деңгейіңіз әрдайым өсіп келеді. Мен орындау шеберлігіңізге тәнті болдым.», - деді Потап.

«Бұл 100 пайыз, 10-нан 10 дер едім. Жер жаһанда осындай ерекше дауыс бар екеніне қуаныштымын. Мен үшін бұл әрине бірінші орын.», - деді Настя Каменских.

«Сен менің командам үшін тосын сый болдың. Біз бірлесіп түрлі халықтардың түрлі топтарына арналған керемет жобаларды жүзеге асыра аламыз. Мен саған толық сенім білдіріп, бірінші орынға лайықсың дегім келеді.», - деді Индираның жетекшісі Дан Балан.

Мамандар қазақстандық орындаушыны жалпы байқаудың жеңімпазы болуға лайықты басты  үміткерлердің бірі деп отыр.

 

Фото: tengrinews.kz