Қазақстанның ірі музейлері виртуалды экскурсияға шақырады

Қазақстанның ірі музейлері виртуалды экскурсияға шақырады

Қазақстан музейлері виртуалды экспозицияларды тамашалауға және 3D турларға қатысуға шақырады.

«Нұр Әлем» болашақ энергиясы музейі – ЭКСПО-2017 көрмесінің маңызды нысаны. Бұл сегіз қабатты сфера пішіндес ғимарат әлем туристерінің зор қызығушылығына ие. Енді ниет танытқандар үшін музей экспонаттарын qazexpocongress.kz сайтынан көруге мүмкіндік бар.

Ал Орталық Азиядағы ең ірі музейлердің бірі – Қазақстанның Ұлттық музейі kazmuseum.com сайтында қонақтарға Алтын залдағы бірегей жәдігерлерді, Ежелгі және ортағасырлық тарих, «Тәуелсіз Қазақстан» залдарын тамашалауды ұсынады.

Сонымен қатар Орталық Мемлекеттік музей сайтынан (csmrk.kz) 300 мыңға жуық экспонатпен танысуға болады.

Еліміздің ірі көркемсурет музейі – Әбілқан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы өз қорындағы 25 мыңнан астам өнер туындыларын көпшілік назарына онлайн ұсынып отыр. Сайты: www.gmirk.kz.

Қазақтың және өзге де халықтардың ұлттық аспаптарын Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінің интернет ресурсынан тамашалап, олардың пайда болу тарихымен танысуға болады. Сайты:  yqlasmusmuseum.kz

 

Фото: ticketon.kz