Қазақстандықтар «Қазақфильмнің» «Алтын қорына» енген кинокартиналарды онлайн тамашалай алады

Қазақстандықтар «Қазақфильмнің» «Алтын қорына» енген кинокартиналарды онлайн тамашалай алады

Отандық кинематографтың жауһарларын онлайн режимде тамашалауға мүмкіндік бар. «Қазақфильм» өзінің youtube-каналында аты аңызға айналған фильмдерді қолжетімді етті. Көрермендер 4 толықметражды және 15 қысқаметражды анимациялық картинаны тамашалай алады. Бұған қоса, қазақ кинематографының классигі Шәкен Аймановтың толық фильмографиясын тағы бір көріп шығуға болады. Көрермен назарына «Амангелді», «Менің атым Қожа», «Көксерек» және т.б. туындылар қолжетімді.

НАТАЛЬЯ  КОНДРАТЬЕВА, «ҚАЗАҚФИЛЬМ» СТУДИЯСЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- youtubе-каналға 1938 жылдан бастап 2002 жылға дейінгі аралықта түсірілген фильмдер салынды. Бұл қатарды тұрақты негізде толықтырып отырамыз. Көрермендердің көп көретіні – анимациялық туындылар. Мысалы, «Ер Төстік және Айдаһар». Сонымен бірге, «Біздің сүйікті дәрігер», «Тақиялы періште» фильмдерін де жиі тамашалайды.

Карантин басталғалы «Қазақфильм» каналына жазылғандар қатары екі есеге артқан.

«Қазақфильмнің» youtube-каналына мына сілтеме арқылы жазылып, қазақстандық фильмдерді онлайн тамашалай аласыздар.

 

Фото: ru.sputniknews.kz