Коронавирус қаупіне байланысты Димаштың концерттері кейінге қалдырылды

Коронавирус қаупіне байланысты Димаш Құдайбергеновтың концерттері  өтпейтін болды. «Arnau Tour» әлемдік турне аясында ол бірқатар елде шығармашылық кешін ұйымдастыру керек еді. Оның ішінде Прага, Гамбург, Дюссельдорф, Штутгарт және Минск сияқты қалалар бар. Бірақ індеттің таралуына байланысты олар кейінге қалдырылды. Әншінің өзі бұл жағдайға байланысты өкініш танытты. Алайда қазіргі уақытта қауіпсіздік бірінші орында тұру керектігін алға тартады.

Фото:tengrinews.kz