Димаш Құдайбергеннің Мәскеудегі концерті аншлагпен өтті

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Мәскеу төріндегі концерті аншлагпен өтті. Әдеттегідей, әлемнің әр түкпірінен жиналған жанкүйерлер бұл күнді тағатсыздана күткен болатын. 2,5 сағат жанды дауыста өнер көрсеткен Димашқа көрермен қошеметі бір сәтке толастамады. Олар сүйікті әншілерімен қосылып, әндерді бірге шырқады.

САУАЛНАМА:

 - Өте жақсы. Бір көтеріліп қалдым. Мықты балалар!

 - Көңіл-күй керемет. Концерт керемет өтіп жатыр.

Ресейлік композитор Димаш Құдайбергеннің концертіндегі құрметті қонақ болды. Кеш иесі Игорь Крутойдың сүйемелдеуімен бірнеше туындыларын шырқады.

ИГОРЬ КРУТОЙ, КОМПОЗИТОР:

 - Нұр-Сұлтан қаласында өткен концертте стадионда 40 мың адам болды. Кремльде 5500. Ал мұнда 10 мыңнан асады. Бірақ Димаштың энергиясы соншалық – ол концертке келген әр адамға жетеді. Бұндай қасиет әрбір әншіде бола бермейді. Димаш – ерекше адам. Нағыз талант иесі.  

ДИМАШ ҚҰДАЙБЕРГЕН, ӘНШІ:

- Өте керемет деп ойлаймын. Мамандардың барлығына алғыс. Сіздерге жалынды сәлем. Баршаңызға рахмет. Жақсы көрем барлығыңызды.

Димаш Құдайбергеннің жеке концерті бұдан әрі Киев, Прага, Гамбург, Дюсельдорф қалаларында жалғасатын болады.

Фото: astanatimes.com