Ақтөбеде Абай музейінің жылжымалы көрмесі жұмысын бастады

Заманында хакім Абай өз қолымен Семейдегі өлкетану музейіне бірқатар жәдігерді сыйға тартқан. Олар: аса таяқ, сыбызғы, құранды ер және ойшылдың медреседе оқығанда пайдаланған кітаптары. Ақынның қолы тиген бұл дүниелерді дәл қазір Ақтөбеде жүрген Абай музейінің көшпелі көрмесінен көруге болады. Оған 50-ден астам жәдігер қойылған. Көрме шаһарда әлі 1 ай бойы жұмыс істейді.

Айта кетейік, Абайдың «Жидебай- Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық музейі бұған дейін Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар және Қызылорда қалаларында болған.

РАУШАН ЕЛЕКЕНОВА, АБАЙДЫҢ «ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ» МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІНІҢ ҒЫЛЫМИ ХАТШЫСЫ:

 - Абайдың мерейтойына байланысты біздің музей тарапынан ғылыми-зерттеу жұмыстары, әсіресе, архивтермен жұмыс, оның ақындық айналасы, Абай шығармаларының төрт тілдегі кітаптарын басып шығару сияқты жобалар бар. Одан кейін Жидебайдағы Абай музейін абаттандыру жұмыстары қолға алынып жатыр.

Фото: obvk.kz