Шымкентте көпбалалы аналар «Көрпе Fest» өнер фестиваліне қатысуда

Ісмерді қолы асырайды. Шымкентте көпбалалы аналар 3 күнде көрпе тігуді үйренуде. «Көрпе Fest» атты мега фестивальда қатысушылар тек тігін тігіп қана қоймайды, маталардың түрі мен түсін таңдауды үйренеді. Ал қолөнердің қыр-сырымен нағыз шеберлер таныстырады. Олардың арасында танымал этно-дизайнер Ырза Тұрсынзада бар. Бүгінде оның сабақтары елімізден тыс жерлерде де өтіп жүр.  

ЫРЗА ТҰРСЫНЗАДА, ЭТНО-ДИЗАЙНЕР:

 - Менің ойымша, біз көпбалалы аналардың жан-дүниесін түсіне алмай келе жатырмыз. Көпбалалы ана үйде отырғанда күнделікті табақ, үйдің жұмысы бітпейді ғой, қу тіршілік, әбден шаршайды . Сол аналарға терапия әрі әдемі бір шабыт ретінде керемет кәсіп болып отыр.

ИНДИРА ДҮЙСЕБЕКОВА, ТІГІНШІ:

 - Мастер класcтарға, ештеңеге қатысқан жоқпын. Өзім қызығамын, сондықтан үйде тігіп бастадым. Мата алып, тігіп жүрдім. Үйге келген адамдардың барлығы қызығып, алып кете берді. Бір ақшасын ұстағанан кейін, тіге береді екенсің ары қарай.

Фото: inform.kz