Ақтөбелік жас әнші ресейлік байқауда топ жарды

Ақтөбелік жас талант ресейлік әртістерді таңғалдырды. Көрші елде өтіп жатқан балалар байқауында Мейіржан Жидебай әлемге әйгілі әнші Beyoncе-ның әнін орындап, көрермендердің ықыласына бөленген. 14 жасар талантты әншінің өнеріне көпшілік тәнті. Ал байқаудың әділқазылары тиісті бағасын беріп үлгерді. Отандасымыз енді Полина Гагаринадан тәлім алмақ.

Жалпы жас әншіге алғашқы музыкалық тәлім-тәрбиені анасы берген. Соңғы 5 жыл бойы ән айтудың қыр-сырын кәсіби ұстаздан үйреніп жүр. Лаура Таусарова Мейіржанның бұл сайыста көпшіліктің көзайымына айналарына сенімді.

ЛАУРА ТАУСАРОВА , М. ЖИДЕБАЙДЫҢ ҰСТАЗЫ:

 - Мейіржанның мүмкіндіктері өте жоғары, диапазоны өте кең. Қазіргі мутациясына да қарамай мен Мейіржанның ақтық сынға жететініне сенімдімін. Қазіргі бабына сай барлығы жақсы болып тұр. Енді әрі қарай бағы қалай боларын көре жатармыз. Уақыт көрсетеді.

Фото: youtube.com