Ұлттық академиялық кітапханада «Әл-Фараби мұрасы» атты кітап көрмесі өтті

«Әл-Фараби мұрасы». Ұлттық академиялық кітапханада қазақтан шыққан  ғұлама ғалымның 1150 жылдық мерейтойына арналған көрме ашылды. Онда Әбу Насыр әл-Фарабидің өнегелі өмірі мен қызметінен сыр шертетін 400-ден астам кітап, фотосуреттер, карталар мен дәйексөздер ұсынылған. Шығыс пен Батыстың түрлі ілімдерін ұштастырған ұлы ойшылдың жүріп өткен жолы, жаһандық деңгейде ашқан жаңалықтары мен ғалымдардың дара тұлға жайлы зертеулерінің денімен танысу мүмкіндігі жасалған. Бес бірдей көлемді бөлімнен құралған көрме үстіміздегі жыл соңына дейін жұмыс жасап, жаңа мәліметтермен толықтырылып тұрады.

БАХЫТЖАН БОЛАТБЕКҰЛЫ, ҚР ҰАК ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

 - Бұл бір жасалып қалып қалған көрме емес. Бұл күнделікті шығып тұратын жаңалықтармен, күнделікті газеттер мен журналдардың  беттерінде шығып тұратын мақалалармен биылғы шыққан кітаптармен толықтырылып тұрады. Мысалы, «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша әл-Фарабидің 10 томдық шығармалары жарық көрген. Оның барлығы осы көрмеге қойылған.

Фото: pkzsk.info/v