Димаш Құдайбергеннің Краснодардағы концерті аншлагпен өтті

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өзінің еуропалық турнесі аясында  ресейлік тыңдармандарымен қауышты. Arnau турының бірінші концерті Краснодар қаласында аншлагпен өтті. Билеттер бірнеше апта бұрын сатылып, 7,5 мың адамға арналған зал лық толды. Тіпті Димашты көру үшін Кубаньға Ресейдің өзге өңірлерінен адамдар көптеп келді. Тума талант иесінің жанды дауыспен орындаған әндері тыңдармандардың құлақ құрышын қандырды.  

Димаш Қазан қаласындағы жанкүйерлерін де әуезді дауысымен таңғалдырды. Әлемге танымал жерлесімізді көруге алыс шетелдерден де жанкүйрелер келді. Енді талантты әншіміз Латвия, Украина, Германия, Чехия елдеріне сапар шегіп, сәуір айында Беларусь астанасында осы турне аясындағы соңғы концертін береді.

Фото: Хабар 24