«Астана Операда» «Вена классикасына ода» классикалық музыка кеші өтті

Австрияның опера жұлдыздары елорда сахнасында. Вена консерваториясының түлектері Елизавета Сергеева және еліміздің тумасы Айгүл Шәмшіденова «Астана Опера» театрында симфонияның атасы, аспаптық орындау шеберлігінің негізін қалаушы Людвик Ван Бетховеннің 250 жылдық мерейтойына арнап концерт берді. Бағдарламада әлемге әйгілі композитормен бірге веналық музыка мектебінің жарқын өкілдері Гайдн, Моцарт, Шуберт және немістің романтик сазгерлері Шуман мен Мендельсон шығармалары орындалды.

АЙГҮЛ ШӘМШІДЕНОВА, ОПЕРА ӘНШІСІ /ВЕНА/:

 - Сондай-ақ біз кеш қонақтарымен тосын сый жасап, «Көзімнің қарасы» әнін орындайық деп шештік. Мен биыл Абайдың 175 жылдығына арналған жеке концерттерімді беруді жоспарлап отырмын. Қазақстанды толықтай қамту мақсатында барлық ірі қалаларында және әлем бойынша, оның ішінде Венада гастрольдерім болады. 

ЕЛИЗАВЕТА СЕРГЕЕВА, ОПЕРА ӘНШІСІ /ВЕНА/:

 - Бұл - «Астана Опера» театрында, жалпы Қазақстанда алғаш рет өнер көрсетуім. Мен үшін осындай керемет жерде ән айту үлкен құрмет. Бұл өте жақсы опера үйі. Біз соңғы екі күн бойы дайындалдық. Жергілікті пианистер мен әншілер әлемдік деңгейде танымал өнерпаздар. Олармен бір сахнаға шыққанымды мақтан тұтамын.  

Фото: sxodim.com