Ұлыстың ұлы күнін тойлау наурыздың 14-нен басталуы мүмкін

Адамгершілік, достық пен төзімділік сынды құндылықтарды сіңірген Наурыз мейрамын тойлаудың ауқымы кеңейе түседі. Бұл туралы елордада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында құрылған «Азаматтық алаң» пікірталас алаңының алғашқы отырысында айтылып, бірқатар мәселелер талқыланды. Отырысқа қатысушылар ежелден келе жатқан мерекені қалыптасқан дағдыға сай емес, кеңінен насихаттап тойлау қажет дейді. Сондай-ақ  мейрамды наурыздың 14-нен бастау керектігі де айтылды. Мектептерде Наурыз каникулын енгізіп, демалыс күндерді ұлғайту туралы да ұсыныс көтерілді.

КЕМЕЛБЕК ОЙШЫБАЕВ, «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» ҚҚД ИНСТИТУТЫ» КЕАҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

-  Наурыз мерекесін тойлауға қатысты іс-шараларды 14-ші наурыздан бастап, 22-не дейін жалғастырсақ деген ойымыз бар. «Наурыз сыйлық», «Наурыз Фэшн» деген сияқты тағы да басқа маркетингтік шаралар енгізсек деген ұсынысымыз бар. Салт-дәстүрлерді жандандырсақ, мерекенің әр күнін бір атаулы іс-шараға арнасақ деген ұсынысымыз бар.

Фото: tengrinews.kz