Алматыда «Абай әлемі» көрмесі ашылды

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық музейі Алматыда көшпелі көрме өткізуде. Көпшілік мұнда Абайдың Мағауияға жазған хатының көшірмесін, ақын туралы естеліктерді көріп, жақын таныса алады. Олардың арасында Әрхам Ысқақов, Ахат Шәкәрімұлы, Ниязбек Алдажаровтың қолжазбалары бар. Ерекше жәдігерлер арасында Абай Құнанбайұлының бізге жеткен 2 суреті бар. Бірі 1896 жылы, екіншісі 1903 жылы түсірілген.

РАУШАН ЕЛЕКЕНОВА, АБАЙДЫҢ «ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ» МЕМОРИАЛДЫҚ ҚОРЫҚ МУЗЕЙІНІҢ ҒЫЛЫМИ ХАТШЫСЫ:

 - 1903 жылғы фотосуреттің түпнұсқасы осы Алматыдағы Мұхтар Әуезов үйінде сақталған. Мұхтар Әуезов арнайы біздің музейге тапсырған. Ол Абайдың үйіне тінту жүргізген кезде түсірілген, отбасымен түсірілген фотосурет.

Фото: inform.kz