«Қорқыт» саз тобы 75 шығарманы үзіліссіз орындап, рекорд орнатпақ

Қазақтың күй өнері Гиннесстің рекордтар кітабына енуі мүмкін. Осыған ниет танытқан «Қорқыт» дәстүрлі саз тобы бір деммен, үзіліссіз 75 шығарма орындап, Қазақстандық рекорд жасауға белді бекем буды. Бұған қоса музыканттар алғаш рет отандық сазгерлердің  туындыларын нотасыз  non-stop режимінде ойнады.

Мамандардың айтуынша, бұған дейін ұлттық аспаптарда этно-фольклорлық музыканы осындай ұзақ мерзімде орындау әлемде тіркелмеген жайт. Алтын Орданың 750 жылдық мерейтойына орай  ұйымдастырылған сазды бағдарлама 15 күннің ішінде әзірленгенін айта кету керек.

Фото:sputniknews.kz