«Бетховен–Мәңгілік–Махаббат» балетінің әлемдік премьерасы

«Беховен – Мәңгілік – Махаббат». Дарынды неміс хореографы Раймондо Ребектің осы бірегей балет қойылымының тұсаукесерін бүкіл әлем асыға күтті. Айта кету керек, оқиға Австрияның, Қазақстан және Ресейдің музыкалық сыншыларының қызығушылығын оятып үлгерді.

АЛТЫНАЙ АСЫЛМҰРАТОВА, «АСТАНА ОПЕРА» БАЛЕТ ТРУППАСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ:

 - Бетховен туралы идея келген кезде, бұл маған өте ұнады. Әсіресе біз оны мерейтойлық жылы жоспарлаған едік. Мен оны өзім қалаған едім. Мен бұл қойылым үлкен ауқымды және қиындықтардан өтуді талап ететіндігін түсінген болатынмын. Бұл қойылымда кордебалеттің көптеген әртістері бар, жетекші солистер ғана емес, мұнда 18 жұптан тұратын кордебалет әртістері бар. Елу хор әртістері мен солистер, вокалистер мен хор бар. Бұл синтез – театрда алғаш рет қолданылуда.

Көрермендер үлкен әсермен премьераның басталуын күткен сәтте сахна сыртында нағыз дүргілу болып жатты. Әртістердің сахнаға шығуына санаулы минуттар қалған еді.

ӘЙГЕРІМ  ӘКІМЖАНОВА, КОРРЕСПОНДЕНТ:

Веналық балдың бейнесі, сазгердің ортада айналуы, сахнадағы махаббат, шабыт және кереңдік. Көрерменге Бетховен өмір сүрген және жасаған барлық атмосфера мен дәуірді жеткізу үшін қойылымда әрбір ұсақ-түйек ойластырылған. Қолмен тігілген костюмдер мен бас киімдерден бастап, ең батыл және қазіргі заманғы декорацияларға дейін.

Шынында да, ақ-қара гаммадағы декорациялар мен әртістердің костюмдері пианисттің клавишаларына ұқсас. Бұл жайт көрермендерді жұмбақ музыкалық әлемге елітіп әкетеді. Автордың ойынша, басқа түстер – Бетховен өмірінің басты серіктері - махаббат, шабыт және оның ауруын бейнелейді.

БАХТИЯР АДАМЖАН, БЕТХОВЕН ПАРТИЯСЫНЫҢ ОРЫНДАУШЫ, «АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ СОЛИСІ:

- Олар бұл балетте Бетховенді үнемі қоршап жүреді деп айтуға болады, өйткені махаббатсыз Бетховен болмас еді, сондай-ақ шабытсыз да Бетховен болмас еді.  Ал кереңдік – бұл өкінішке орай оны өмір бойы қоршаған өмірлік сәті. Людвиг Ван Бетховен ол өз уақытының данышпаны және қазір ол теңдесі жоқ тұлға. Сондықтан мен үшін оны би арқылы сахнада көрсету – үлкен мақтаныш әрі жауапкершілік.

«Бетховен – Мәңгілік – Махаббат» театрда нағыз перформанс болғандығын айтады. Қойылымның музыкалық, хореографиялық және сценографиялық құрамдастарының жиынтығы ұлы және атақты композитор Людвиг Ван Бетховеннің шығармашылығын тағы да бір сәт мойындауға әкеледі.

Фото: Ақзер Сегізбаева 

Фото: tengrinews.kz


×