Қазақстанда Үнді халқының ұлттық тағамдарының фестивалі өтті

Қазақстанда Үнді халқының ұлттық тағамдарының фестивалі өтті. Еліміздің бас шаҺарында Нью-Делилік танымал аспаз Парамджит шеберлік сабақтарын өткізді. Айта кетейік, бұл – халықаралық деңгейдегі кәсіби маманның Қазақстанға алғашқы сапары. Ол жергілікті әріптестерімен шеберлік сырларымен бөлісті. Оңтүстік Азия елінің дәстүрлі ас мәзірі әлемнің кез келген нүктесінен табылады. Біздің мемлекеттің тағам мәдениетінде өз орны бар.

Бәрімізге белгілі, Үндістан ас дәмдеуіштерінің отаны саналады. Сондықтан ұлттық тағамдары өзіндік қайталанбас дәмімен тіл үйіреді. Үнді асханасына негізінен күріш, тхали, карри және түрлі көкеністер кіреді. Ең бастысы дәстүрлі тағамдар ағзаға пайдалы, дәрумендерге толы қарапайым азық-түлік түрлерінен әзірленеді.

ПАРАМДЖИТ, АСПАЗ, ҮНДІСТАН:

 - Шеберлік сабақтарында 3 негізгі ұлттық тағам түрлерінің қыр-сырына үңілеміз. Алғашқысы Қазақстанға тән қой етінен жасалады. Біз оған қажетті дәмдеуіштерді Үндістаннан өзімізбен алып келдік. Матар Кажу Ки Шамми деп аталатын ас үнді халықтарында өте танымал, үлкен сұранысқа ие. Оның құрамында түрлі жаңғақтар, жасыл бұршақ пен занзабіл бар. Негізгі тағам ретінде вегетариандық асты таңдадық. Ол асжапырақтан жасалады. Екінші тағамымыз – шыжғырылған тауық еті. Сондай-ақ десертке пудинг әзірлейміз.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

Фото: izent.ru