«Astana Musical» театрында сиқырлы сазды хор-концерт өтті

Елорда сахнасында алғаш рет сиқырлы сазды хор-концерт өтті. Бұрын-соңды болмаған жоба –  «Astana Musical» ұжымы еңбегінің нәтижесі. Бағдарламаға жаңа өңдеудегі халық әндері, әлемдік хиттер мен мюзикл ариялары, ретро-композициялар, белгілі заманауи әндер, сондай-ақ театрландырылған қойылымдар енді. Театрдың бас хормейстері Алмат Әбішев жобаның бірнеше ерекшелігін атап көрсетті.

АЛМАТ ӘБІШЕВ, «ASTANA MUSICAL» МЕМЛЕКЕТТІК ТЕАТРЫНЫҢ БАС ХОРМЕЙСТЕРІ:

 - Бұл концерттегі ерекшелігіміз – көптеген әзілдер, театрландырылған сахналар, би және де хор номерлері бар. Менің ойымша, қазір бір орында тұрып ән айту қызық емес. Сол себептен біздің театрымызға сай «Astana Musical» театры болғандықтан, мюзиклге тән вокал, би және актерлік шеберлік барлығы осы хор-концертте қамтылған.

Авторы: Ақзер Сегізбаева

Фото: zakon.kz