Лос-Анджелесте «Оскар» сыйлығы табыс етілді

Лос-Анджелесте «Оскар» сыйлығы табыс етілді. Америкалық киноакадемия 24 номинация бойынша жеңімпаздардың есімдерін жариялады. Атап айтқанда, 2019 жылдың үздік картинасы аталымында оңтүстіккореялық режиссер Пон Чжун Хоның «Паразиттер» фильмі жеңіп шықты. Дәл осы туынды, сондай-ақ «Үздік түпнұсқа сценарий», «Үздік халықаралық толықметражды фильм» және «Үздік режиссерлік жұмыс» номинацияларында сыйлыққа ие болды. Ал үздік ерлер ролі үшін «Оскар» «Джокер» фильмінде бас кейіпкерді сомдаған Хоакин Феникске бұйырды. «Үздік әйелдер ролі» аталымында «Джуди» картинасындағы жұмысы үшін Рене Зеллвегер марапатталды. Анимациялық фильм аталымында «Ойыншықтар хикаясы 4», ал үздік визуалды эффектілер үшін «1917» картинасы премияға лайық деп танылды.

Фото: ztb.kz