Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған кеш

«Бозарып атқан ақ таңда, бозарып тұрып ақпанда, есіңе мені алғайсың...» деп жырлаған Мұқағали ақынның шығармашылығына арналған концерт елорда төрінде өтті. Биыл ақиқық ақынның туғанына – 89 жыл. Осындай датаға орай дәстүрлі ән мен күй шеберлері ақынның шығармашылығынан түрлі туындыларын орындап, көрермен көзайымына айналды.

Ән және күймен қатар кеште ақынның ізбасарлары, жас ақындар өлең оқып, көпшіліктің жүрегін тербеді. Ұйымдастырушылар алдағы жылы келетін дөңгелек датаға орай, бұдан да үлкен мерейтойлық шаралар өтетіндігін атап өтті.

ЖАНҒАЛИ ЖҮЗБАЙ, КҮЙШІ:

– Бұл концертте Мұқағалидың өлеңдеріне жазылған біздің халқымыздың ірі композиторларымыздың, әсіресе Нұрғиса Тілендиевтің, Еркеғали Рахмадиевтің және тағы да басқа көптеген композиторларымыздың шығармалары орындалды. Романстары, әндері орындалды және бұл кештің бір ерекшелігі осы биыл ғана «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын алған ақындарымызды осында шақырып отырмыз.

Авторы: Ақзер Сегізбаева 

Фото: egemen.kz