«Қазақы ас: дәстүр мен дәм» ұлттық тағамдар кітабы жарық көрді

Тамыры терең тартқан қазақ халқының 50-ге тарта көне тағам құрамы мен әзірлеу барысы «Қазақы ас: дәстүр мен дәм» кітабына енді. Отандық ғалымдар еліміздің түкпір-түкпірін аралап, ескінің сақшылары көнекөз қариялардан ұмыт болып қалған тағамдардың тарихы мен жасалу жолдарын зерттеп, тізімін құруды қолға алған, деп хабарлайды Kazakh TV арнасының тілшісі. 

ӘЙГЕРІМ МҰСАҒАЖИНОВА, ҚР ҰТТЫҚ МУЗЕЙІ ЖАНЫНДАҒЫ «ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ» ҒЗИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 - Бұл – жыл бойы кең байтақ Қазақстанның аумағын аралап жүргізген дала жұмыстарының нәтижесі. Біз тура бір жылдың көлемінде еліміздің әр түкпір-түкпірін кезіп, барлық елдімекендер мен шалғай ауылдарда болдық. Ол жерлерде қазақтың көне тағамдарын сақтап жүрген көнекөздермен жүздестік. Кітап 2 мың данамен басылып шықты. Оған 50 тағамның құрамын зерттеп еңгіздік. Оның дені қазір ұмыт болып, әзірленуден қалған. Сондықтан қайта жаңғыртуды шеттік.

Танымдық еңбекте бірегей төл тағамдарымыздың ерекшеліктерімен қатар, қазақ халқының тамақтану мәдениеті, ауқаттану уақытымен дәстүрі кеңінен көрініс тапқан. Тіл үйірер дәмінен бұрын ақуыздар мен дәрумендерге толы дәстүрлі ас мәзірі құнарлы, жанға дауа дертке шипа болған. Осының бәрі сәйкес фотосуреттермен безендірілген кітапта көрініс тапқан.

ӘЙГЕРІМ МҰСАҒАЖИНОВА, ҚР ҰТТЫҚ МУЗЕЙІ ЖАНЫНДАҒЫ «ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ» ҒЗИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 - Ең бастысы, қазақтың дәстүрлі тағамдары ағзаға өте пайдалы, денсаулықты жақсарту қамында жасалған. Біз бұл еңбекпен ғана тоқталып қалмаймыз. Бұл – тек ұзын жолдың бастамасы. Еліміздің Солтүстігі, Оңтүстігі, Шығысы мен Батыс өңірлерінде тағамдар құрамы мен әзірлеу жолдары біршама ерекшеленіп тұрады. Біздің соңғы зерттеу жұмыстарымыз осыны айғақтап отыр. Технологиялары әр түрлі. Бұл тұста да әлі зерттелмегені көп деп ойлаймын. Сондықтан болашақта аймақтардың әрбіріне арнайы кітап құруды көздеп отырмыз. 

Қазақ халқының қонақжай екенін айдай әлемге мәлім. Қонақ күтуден алдына жан салмайтын бабалардың асты тарту дәстүріде жақсы қалыптасқан. Мол дастархан басына әр мейманға сай өз сыбағасы, дәм тұзы қойылған. Әрбір тағамның атауында философиялық мән-маңызы айрықша болды.

Сондықтан қазақтың дәстүрлі тағамдары ұлттық брэндтен бұрын адамзаттық мұраға жатқызуға әбден лайық дейді, мамандар. Ол келешек еншісінде. 

Авторы: Жеңіс Ермұқанов 

Фото: informburo.kz